Басқармада барлығы 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету әдістері:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЖАО - Жұмыспен қамту бөлімі;
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – белсенді қызмет;
4) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс:
Мекеме мынадай мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды ұйымдастырды:
1) «Тең құқықтар – Тең мүмкіндіктер» жобасы: Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастыру және өткізу; Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Шарт «Лисаков қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ-мен жасалды;
2) «Белсенді ұзақ өмір сүру: «Белсенді ұзақ өмір сүру» клубын ұйымдастыру» жобасы. Шарт «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Лисаков қалалық филиалымен жасалды;
3) «Лисаков қаласының сотталған тұлғаларын қайта әлеуметтендіру» жобасы. Шарт Қостанай қаласының «Жаңашыр бол» қоғамдық қорымен жасалды;
4) «Қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы қызмет көрсету жөніндегі қызмет» жобасы. Шарт «Лисаков қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ-мен жасалды;
5) «Инва-такси қызметтері» жобасы. Шарт «Лисаков қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ-мен жасалды.
Қорғаншылықты және қамқоршылықты тіркеу
Бөлім кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қорғаншылық, қамқоршылық белгілеу, сондай-ақ қаражатты пайдалануға рұқсат және мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат беру бойынша қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды жүргізеді.