Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Лисаков қаласы туралы жалпы ақпарат

ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Әкімшілік-аумақтық бөлініс

Лисаков қаласының әкімшілік аумағына: Лисаков қаласы, Октябрь кенті жатады. Қаланың әкімшілік-аумақтық алаңы - 0,1 мың шаршы км. Лисаков қаласы мен Октябрь кентіндегі жолдардың жалпы ұзындығы 96,44 км құрайды (оның ішінде Лисаков қаласында асфальтталған жол 57,56 км. Октябрь кентінде жолдардың жалпы ұзындығы 23,68 км, жолдар асфальтталған. Ұзақтығы 15,2 км Лисаковск-Қайыңдыкөл-Краснооктябрь жолы бар,  (асфальтталған). Облыс орталығынан шалғайлығы - 120 км.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халық саны - 34 094 адамды құрайды.

 

Географиялық орналасуы

Лисаковск - облыстық бағыныстағы қала, 1971 жылы Лисаковск тау-кен байыту комбинатының базасында құрылған. Ол Тобыл өзенінің жоғарғы сағасында, Тобыл станциясынан оңтүстікке қарай 18 шақырым, облыс орталығы Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 120 шақырым және Ресей шекарасынан 70 шақырым жерде орналасқан.

 

Қаладан төрт шақырым жерде «Қостанай - Қарабұтақ» автомобиль жолы орналасқан, ол арқылы Орталық және Оңтүстік Қазақстанмен, Ресеймен көлік байланысы жүзеге асырылады.

Ресеймен, Орталық Азия өңірлерімен және Қытаймен теміржол байланысы Оңтүстік Сібір магистралі бойынша Майлина және Тобыл станциялары арқылы жүзеге асырылады.

Қала өңірдегі ірі шикізат көздері мен өткізу нарықтарына, Қазақстанның елордасы - Астанаға, Ресей Федерациясының Орал өңіріне тікелей жақын орналасқан, теміржол магистралінің құрылысы Батыс Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірлеріне шығуға жол ашады.

Экономика

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада 380 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 378 орта және шағын бизнес кәсіпорындары, 44 - шетел қатысуымен.

Қалада облыстың барлық өнеркәсiп өндiрiсiнiң 3,2% шоғырланған. 2025 жылдың 8 айында 67,7 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді.

Өнеркәсіптік өндірісте 2,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Тау-кен өнеркәсібін келесі кәсіпорындар құрайды: «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы КБКБ (боксит өндіру), «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы (темір кені концентратын өндіру).

Өңдеу өнеркәсібінде - «Алтын Омир» ЖШС (сыра өндірісі), «ДЕП» ЖШС (қоюлатылған сүт өндірісі).

Машина жасауда - «Дон Мар» ЖШС (ауыл шаруашылығы дестелегіштерін, бүріккіштерді, қосалқы бөлшектерді, егіс кешендерін өндіру).

Жеке кәсіпкерлікте 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

 

Әлеуметтік сала

Қалада 7 мектеп жұмыс iстейдi, оқушылар контингентi - 4,1 мың адам, 8 мектепке дейiнгi балалар мекемесi (7-мемлекеттiк, 1-жекеменшiк).

Балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, аула клубтары бар.

Орта кәсiптiк бiлiмдi мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлауды оқушылардың жалпы саны 0,6 мың адам болатын Лисаков техникалық колледжi жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік мәдениет желісінде 4 кітапхана, 2 Мәдениет үйі, 1 мұражай бар.

103 спорт ғимараты бар, оның ішінде 1 стадион, 2 спорт кешені, 1 спорт ғимараты кешені, 1 жүзу бассейні, 18 спорт залы (оның ішінде жасанды көгал және тартан жабыны бар алаңдар), 3 атыс тирі, 52 жазықтық құрылыс, 3 хоккей корты, 5 теннис корты, 12  спорт залы, 1 мотодром, 1 манеж, 2 скейт алаңы, 1 теннис орталығы.

Лисаков қаласының еңбек, табиғат ресурстары, өндірістік әлеуеті жоғары.

Қалада дамыған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымы бар.

Қолайлы көліктік-географиялық жағдай5а байланысты, бизнесті дамыту үшін, туризмді дамыту мүмкіндіктері бар.

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар  айының қорытындылары
Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындылары
Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындылары
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ
Лисаков қаласының әкімдігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы