Озерный ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша туралы есеп
«Қостанай ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ «Қостанай ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Қостанай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандагы № 753 қаулысымен бекітілген.
«Қостанай ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес 5 Мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінен:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
«Жер учаскесінің ңысаналы мақсатты өзгеруіне шешім беру»;
«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».
Мемлекеттік қызметтер бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетіледі.
2024 жылы «Қостанай ауданының Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді, электронды түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 12 (сауда – саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу), 29 (Жер учаскесінің ңысаналы мақсатты өзгеруіне шешім беру).
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орны әкім аппаратының ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд болып табылады. Стендте Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қаулысы, Озерный ауылдық округі әкімінің «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін және сапасын ішкі бақылауды қамтамасыз ету туралы» өкімі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандарды бекіту туралы ақпаратпен және ауылдық округі әкімі аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі орналастырылған.
Жауапты мамандар мемлекеттік қызметтердің стандарттары және өтініш үлгілері орналастырылған мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жинақтау файл папкаларын жүргізді.
Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 51 іс-шара өткізілді (кездесулер, жергілікті қоғамдастықтың жиындары, мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі, кеңестер, жалпыға бірдей құқықтық білім беру мектебінің отырыстары).
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар аудандық және ауылдық деңгейдегі құқықтық жалпы оқыту мектебінің отырыстарында мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіруге қатысу, сондай-ақ өз бетімен білім алу жолымен білім деңгейін арттыру арқылы жүргізіледі. Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі кезеңдік бақылау банкі қамтамасыз етіледі.
Ауылдық округ әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі мерзімі бойынша анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективаларына:
- заңдылық, қызмет алушылардың сұрауларына жедел әрекет ету, ашықтық, тиімділік және нәтижелілік қағидаттарына негізделген ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.
Озерный ауылдық округінің әкімі А. Бермухамедов