Қ.Ақсақалов қала мен аудан әкімдерімен және облыстың мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен кеңес өткізді

Қ.Ақсақалов қала мен аудан әкімдерімен және облыстың мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен кеңес өткізді

Жиын барысында COVID-19 сақтану шаралары жайы сөз етілді. Өкінішке орай, науқастардың саны 2,5 есе өсті. "Осыған байланысты ревакцинация жұмыстарын қайтадан қолға алған жөн" - деп айтты өңір басшысы.
Сонымен қатар, тұрғын үй мен жол құрылысы, жылумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Осыған сай басқармаларға бірқатар міндеттер жүктелді:
- ауылдарда кірме жолдар мен кентішілік жолдарды салу;
- қымбат жобалардың құнын азайту;
- қажетсіз шығындарды оңтайландыру арқылы бюджет қаражатын үнемдеу;
- үнемделген қаражатты әлеуметтік саланы дамытуға, оның ішінде медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағыттауымыз керек.
"Қымбат жобалардың орнына ауылдарды сумен қамтамасыз ету маңызды" - деп атты облыс әкімі.