«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де азаматтардың жолданымдарымен жұмыс туралы 2024 жылғы 3-тоқсанға арналған ақпарат

«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де азаматтардың жолданымдарымен жұмыс туралы 2024 жылғы 3-тоқсанға арналған ақпарат.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың 25 жолданымы келіп түсті, оның ішінде:

арыздар – 6,

шағымдар – 0,

басқасы (хабар, сұрау салу, ұсыныстар) – 19.

Басқармада барлығы 14 жолданым қаралды, олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

авторға жауап беру – 9,

қолайлы әкімшілік акт қабылдау – 2,

ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылдау – 1,

қараусыз есептен шығару – 0,

қаралуын тоқтату – 2,

назарға алу – 0,

телнұсқа ретінде белгі қойылды – 0.

Құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдарға жіберілген өтініштер - 9, қаралуда – 3.

Жолданымдар сипаты бойынша негізінен мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша келіп түсті.

Көрсетілген кезең аралығында қайталама жолданымдар болған жоқ.

Басқарма басшылығының жеке қабылдауында арыз берушілер болған жоқ.

«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де азаматтардың жолданымдарымен жұмыс туралы 2024 жылғы 3-тоқсанға арналған ақпарат
Дата публикации
10 октября 2024