«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де
азаматтардың жолданымдарымен жұмыс туралы
2024 жылғы 1-тоқсанға арналған ақпарат
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейінгі кезеңде Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың 21 жолданымы келіп түсті, оның ішінде:
арыздар – 11,
шағымдар – 0,
басқасы (хабар, сұрау салу, ұсыныстар) – 10.
Басқармада барлығы 10 жолданым қаралды, олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
авторға жауап беру – 7,
қолайлы әкімшілік акт қабылдау – 1,
ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылдау – 2,
қараусыз есептен шығару – 0,
қаралуын тоқтату – 0,
назарға алу – 0,
телнұсқа ретінде белгі қойылды – 0.
Құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдарға жіберілген өтініштер - 8, қаралуда – 3.
Жолданымдар сипаты бойынша негізінен мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша келіп түсті.
Көрсетілген кезең аралығында қайталама жолданымдар болған жоқ.
Басқарма басшылығының жеке қабылдауында арыз берушілер болған жоқ.