«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де
азаматтардың жолданымдарымен жұмыс туралы
2023 жылғы 4-тоқсанға арналған ақпарат
2023 жылғы 1 қазанна бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың 14 жолданымы келіп түсті, оның ішінде:
арыздар – 10,
шағымдар – 0,
басқасы (хабар, сұрау салу, ұсыныстар) – 4.
Басқармада барлығы 15 жолданым қаралды, соның ішінде 1 жолданым – 2023 жылғы 3-тоқсандағы қалдық, олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
авторға жауап беру – 5,
қолайлы әкімшілік акт қабылдау – 5,
ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылдау – 1,
қараусыз есептен шығару – 0,
қаралуын тоқтату – 0,
назарға алу – 0,
телнұсқа ретінде белгі қойылды – 0.
Құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдарға жіберілген өтініштер - 4, қаралуда – 0.
Жолданымдар сипаты бойынша негізінен мемлекеттік мүлік және мемлекеттік кірістер мәселелері бойынша келіп түсті.
Көрсетілген кезең аралығында қайталама жолданымдар болған жоқ.
Басқарма басшылығының жеке қабылдауында арыз берушілер болған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауы Басқарма басшысымен бекітілетін тоқсан сайынғы кестесіне сәйкес өткізіледі. Кесте әлеуметтік желілерде және Басқарманың ресми сайтында орналастырылады.