«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де
азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы
2022 жылға арналған ақпарат
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың 81 өтініші келіп түсті, оның ішінде:
арыздар – 50,
шағымдар – 0,
басқасы (хабар, сұрау салу, ұсыныстар) – 31.
Басқармада барлығы 62 өтініш қаралды, соның ішінде 1 сұрау салу – өткен жылдың қалдығы, олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
авторға жауап беру – 24,
қолайлы әкімшілік акт қабылдау – 23,
ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылдау – 11,
қараусыз есептен шығару – 0,
қаралуын тоқтату – 4,
назарға алу – 0,
Құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдарға жіберілген өтініштер - 20, қарауға қалғандары – 3.
Өтініштер сипаты бойынша негізінен «қаржылық қызмет, экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік» санатына кіретін мәселелер бойынша келіп түсті.
Көрсетілген кезең аралығында қайталама өтініштер болған жоқ.
Басқарма басшылығының жеке қабылдауында өтініш берушілер болған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауы Басқарма басшысымен бекітілетін тоқсан сайынғы кестесіне сәйкес өткізіледі. Кесте әлеуметтік желілерде және Басқарманың ресми сайтында орналастырылады.