2023 жылғы 18 сәуірде Ашық есік күні аясында Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына Қостанай қаласының білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары келді.
Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына Басқармада жүргізілетін жұмыс, оның күнделікті мақсаттары мен міндеттері туралы баяндалып, көрсетілді.
Науқанның басты мақсаты – мемлекеттік орган жұмысының ашықтығы мен айқындығын көрсету және жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру.
