Қостанай облысының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
Өнеркәсіп. Облыстың кәсіпорындарында 1 595,5 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері өндірілді.
Боксит өндірісі 2,9%-ке, мыс қойыртпалары 66,2%-ке, мыс кендері өндірісі 79,9%-ке, құрамында алтыны бар кендері өндірісі 4,9%-ке ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібінің НКИ 111,3% құрады. Ет және азық субөнімдері 34,2%-ке, шоколадтан және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер 3,2%-ке, ұн 15,2%-ке, нан 6,5%-ке, өңдірілген сұйық сүт 3,0%-ке, алкогольсіз сусындар 6,4%-ке, ыстықтай илектелген шыбықшалар мен өзектер 3,0%-ке, өңделмеген немесе жартылай өңделген ұнтақ түріндегі алтын 12,8%-ке, жеңіл автомобильдер 30,4%-ке, жүк автомобильдері 8,6%-ке, тракторлар 7,4%-ке ұлғайды.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау НКИ 98,0% құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою жөніңдегі қызметте НКИ 102,3% құрады.
Облыста 1,8 трлн. теңгеден астам сомаға 52 жобадан пул қалыптастырылды, шамамен 8 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
2022 жылы жалпы инвестиция құны 32,3 млрд. теңге 8 инвестицияық жобаны іске асыру жоспарлануда және 1,2 мың жұмыс орны ашылатын болады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі 292,2 млрд. теңге құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 110,0% құрады.
Ет өндірісі – 62,1 мың тоннаға, сиыр сүті – 346,0 мың тоннаға, тауық жұмыртқасы – 404,9 млн. данаға ұлғайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 қыркүйекке облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 57 888 бірлігі жұмыс істейді, онда (2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) 155,6 мың адам жұмыс істейді.
2021 жылғы қаңтар-наурыздағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 19,1% өсіммен 330,0 млрд теңге құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 252,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 103,9% құрады.
Инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебі құрайды – 84,2%.
Өнеркәсіп (инвестициялардың жалпы көлемінің 42,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (19,3%), ауыл шаруашылығы (18,9%), көлік және жинақтау (11,9%), білім беру (2,1%), құрылыс (1,1%) сияқты салалар инвесторлар үшін тартымды болып табылады.
Құрылыс жұмыстары. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 100,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 112,6% өсті.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 301,4 мың шаршы метр немесе 2021 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 101,2% тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сауда. Бөлшек сауда көлемі 300,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 105,8% құрады.
Көтерме сауда айналымы 546,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 104,6%.
Бағалар. 2022 жылғы тамызда инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 113,1% құрады.
Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі – 18,0%, азық-түлік емес тауарларға – 11,7%, ақылы қызметтерге – 7,4% көтерілді.
Тұрмыс деңгейі. Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2022 жылғы қаңтар-маусымда 235 608 теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 124,5% құрады.
Қаржы. Мемлекеттік бюджетке 275 639,0 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға 105,0%).
Республикалық бюджет 175 600,0 млн. теңге сомасында орындалды немесе болжамға 103,0% (2021 жылға 1,6 есе артық).
Жергілікті бюджет 108,9% орындалды, 100 039,0 млн. теңге түсті, бұл 2021 жылға қарағанда 19,6% артық.