2022 жылғы 13 қыркүйекте Қаржы басқармасы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілі Бедыч Евгений Сергеевичпен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында 2022 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша құқықтық статистика айтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімділік танытпауға және ел азаматтарын осы үрдіске тартуға бағытталған «Әділдік жолы» ҚБ бірлесіп өткізілген «Әділдікті талап ет!» ауқымды акциясы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлық фактілері немесе дайындалып жатқаны туралы хабарламаларға қатысты кеңестерді қарау және өткізу тәртібі түсіндірілді.


