2026 жылғы 1 қазаңға Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы АНЫҚТАМА

        Облыс бюджетінің жылдық көлемі (2026 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша) 721,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде:

         меншікті кірістер (салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, арнаулы түсетін түсімдер) – 282,2 млрд. теңге,

         РБ берілетін трансферттер – 23 млрд. теңге,

         субвенциялар – 350,6 млрд. теңге,

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 7,1 млрд. теңге,

         қарыздар түсімі – 58,6 млрд. теңге.

        

         ТҮСІМДЕР

         Түсімдер бойынша есепті кезеңге 572,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 586,1 млрд. теңге немесе жоспарға 102,4% құрады.

         Меншікті кірістер бойынша есепті кезеңге 187,3 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 200,7 млрд. теңге немесе 107,2% құрады.

         Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 81,4%-ға атқарылды (36,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 29,7  млрд. теңгені құрады).

         Жеке табыс салығы бойынша жоспар 98,7%-ға атқарылды (75,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 74,6 млрд. теңгені құрады).

         Әлеуметтік салық бойынша жоспар 133,6%-ға атқарылды (30,8 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 41,2 млрд. теңгені құрады).

 

           ШЫҒЫСТАР

         2026 жылғы 1 қазанға шығыстар бойынша есепті кезеңге облыс бюджеті 519,2 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, 99,8%-ға игерілді  (касса 518,3 млрд. теңге).

         Жалпы облыс бюджетінің жылдық көлемінің негізгі бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды – 344,6 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 46,5% (білім – 235,1 млрд. теңге немесе 31,7%, денсаулық сақтау – 22,3 млрд. теңге немесе 3,0%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету – 35,1 млрд. теңге немесе 4,7%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 52,1 млрд. теңге немесе 7,1%).

Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылу энергетикалық компанияларға – 105,8 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға  14,3%;

- көлік пен коммуникацияларға – 58,7  млрд. теңге немесе 7,9%;

- ауыл шаруашылығына – 122,3 млрд. теңге немесе 16,5%;

-мемлекеттік қызметтерге, қорғаныс және қоғамдық тәртіпке  – 59,6 млрд. теңге немесе 8%;

- өнеркәсіп пен құрылыс қызметіне – 6,2 млрд. теңге немесе 0,8%;

- қарызға қызмет көрсету, трансферттер, қарыздарды өтеу және өзге шығыстарға– 44,0 млрд. теңге немесе  жылдық жоспарға 6,0%.

Дата публикации
12 октября 2026