GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
17 июля 2026
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқІ
Халықты ақпараттандыру
28 апреля 2026
Магистратуры және Докторантуры бағдарламаларына қүжаттар қабыдау
Халықты ақпараттандыру
12 декабря 2025
Ақпараттық хабарлама

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен қазақстандықтарды телефон алаяқтарының әрекеттерінен қорғауды күшейту бойынша шаралар қабылдауда.

Бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге кіру бір реттік код арқылы ғана жүргізілді. Салдарынан алаяқтар айласын асырды, «жәбірленушінің» телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіп отырды.

Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін қолжетімділік талаптарын күшейту тапсырылды.

Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады.

Осы жылдың желтоқсан айынан бастап жоғарыда көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген ақпараттық жүйелер 1414 SMS-шлюзін пайдалану қызметінен ажыратылады.

ЖИЦДМ барлық мемлекеттік органдармен бірлесіп, алаяқтыққа қарсы күрес және қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында eGov Mobile мобильді қосымшасында күдік туғызатын әрекеттерді анықтау, кибергигиена талаптарын сақтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсыныстары бар ақпараттық баннерлер орналастырылды.

Қабылданып жатқан барлық шаралар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында жүзеге асырылып, құқықтық тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік цифрлық сервистерге азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

Халықты ақпараттандыру
12 декабря 2025
«Ауыл – ел бесігі»

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2024 жылы Қарасу ауданы Қарамырза ауылының аумағына Центральная, Набережная және Комсомольская көшелеріндегі автожолдарға орташа жөндеу жүргізуге ақшалай қаражат бөлінді.
Жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы 3,42 км құрайды.
Жобаны іске асыру ауылдың көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Халықты ақпараттандыру
20 августа 2025
Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту және нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асыру көзделген.

Әлеуметтік осал топтарды МӘМС-пен қамтуды кеңейту: Халықты барынша жүйеге тарту мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдардың төлеу тетігі енгізіледі. Бұл норманы іске асыру 2026 жылға қарай қосымша 1 млн-нан астам адамды МӘМС жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді.

Әділ жарна жүйесін енгізу: Әлеуметтік әділеттілік қағидатын сақтау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударым жасалатын кірістің жоғарғы шегі алынып тасталады. Бұл тәсіл азаматтардың жүйеге үлесін олардың табысына сай етіп, сала бюджетіне жыл сайын қосымша 200 млрд теңгеге дейін қаржы әкеледі.

Мемлекеттік қаржыландыруды арттыру: Жеңілдікті санаттағы 11 млн азамат үшін мемлекет жарнасының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Бұл шара 2030 жылға қарай қаржыландыру көлемін 289 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай медициналық қызметтер пакетін қалыптастыру: 2027 жылдан бастап мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) мен МӘМС пакеті арасындағы нақты айырмашылықты белгілейтін бірыңғай пакет енгізіледі. Осылайша әрбір азамат мемлекет кепілдік беретін қызметтерді және сақтандыру есебінен көрсетілетін қызметтерді нақты біле алады

📱 @KZgovernment

Статистикалық ақпарат
Халықты ақпараттандыру
20 августа 2025
2025 жылғы ұлттық ауылшаруашылық санағы

Құрметті тұрғындар, жеке кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер!

2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы аумағында заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, егіншілік, мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысатын шаруа және фермер қожалықтары үшін https://sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн форматта өткізілетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі басталады.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына онлайн форматта барынша қатысуды қамтамасыз ету Қостанай облысының жоғары деңгейдегі цифрлық трансформациясын және дамыған цифрлық инфрақұрылымын көрсетуге мүмкіндік береді.

- Облыстағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу онлайн форматта https://sanaq.gov.kz сайтында сауалнаманы өз бетінше толтыру арқылы жүзеге асырылады;

- Халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары үшін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу https://sanaq.gov.kz сайтында сауалнаманы өз бетінше толтыру арқылы онлайн форматта жүргізіледі;

Сіздің Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына белсенді қатысуыңыз – ауыл шаруашылығын дамыту және тиімді мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін қажетті нақты статистиканы қалыптастыруда аса маңызды.

 
22 декабря 2023
Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу ережелерін және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын сақтау.

Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі.

Электр желілерінің күзетаймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жербетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тіктүзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.

Күзет аймақтары белгіленеді, халықтың қауіпсіздігін қамтамасызету, электржелілерін пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жер учаскелері бөлінеді.

Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері ни емденбей, белгіленеді.

Ауыл және қала құрылыстары шектерінде әуе және кабель желілері өткенде жергілікті атқарушы органдар ауданның құрылысына рұқсат беру кезінде электр желілерінің күзет аймақтарының құрылысына тыйым салады.

Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:

      1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе елілерүшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);

      2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;

      3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;

      4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;

      5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;

      6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;

      7) 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;

      8) 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.

Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жерқазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығары птастауға және төгуге жолберілмейді.

Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігін де электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

Жеке және заңды тұлғалар электр желілерінің күзет аймақтарындағы қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарынорындайды. Қарауында электржелілері бар ұйымдар электржелілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу уақытында адам өміріне қауіп төнген кезде бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрады.

Электр желілерін жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдаған кезден ұқсанды өтеу қарауында осы желілер бар ұйыммен жасалған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау шығындарының келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.

ҚРӘҚБтК-нің 305-бабына сәйкес, құрылыс, монтаждау, жерқазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізгені, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластырғаны, базарларды, құрылыстарды, құрылыстарды орналастырғаны, материалдарды жинағаны, қоршаулар мен қоршаулар салғаны, каустикалық коррозиялық заттар мен жанармай құю және төгу үшін-электр және жылу желілері желілерінің, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы майлау материалдарын ұйыммен келіспей-ақ, қарауында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүзайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Қолда бар мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 ғимарат, № 320 кабинет мекен жайы бойынша немесе +7 (7142) 50 02 60 телефоны бойынша жүгіне алады.

 

08 декабря 2023
Көпбалалы ана Жанбекова А. Д. наградасын Шолақашы ауылдық округінің әкімі Бустекова Ш. М. табыс етті.

2023 жылғы 07 желтоқсанда Шолақашы ауылдық округінің әкімі Ш.М. Бустекова көп балалы ана Ақмарал Жанбекованы "Күміс алқа" подвесткасымен марапатталды.

Ақмарал ДОСЫМХАНҚЫЗЫ Жанбекова Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылында дүниеге келген. 2000 жылы үйленді. Күйеуі Жанбеков Дәурен Нұртасұлымен бірге 6 бала тәрбиелеп отыр. Ақмарал ДОСЫМХАНҚЫЗЫ "Шолақашы жалпы білім беретін мектебі" ММ-де жұмыс істейді, шағын орталықтың тәрбиешісі.

08 декабря 2023
Азаматтарды қабылдаудың бірынғай күні

Құрметті  Шолақашы ауылдық  округінің тұрғындары !
2023 жылы 19 желтоқсанда «Шолақашы ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ азаматтарды қабылдаудын біріңғай күні өтеді. Алдын ала жазылу 87144858230 телефон нөмері бойынша жургізіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы