Мемлекеттік мекеме қызметінің есебі "Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

 Қосымша 2

                                                                                                                                            2013 жылғы 25 маусымдағы №

                                                                                                                                            193 Қазақстан Республикасы

                                                                                                                                             Экономика және бюджеттік

                                                                                                                                             жоспарлау министрінің бұйрығына

Мемлекеттік мекеме қызметінің есебі
"Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" 2023 жылғы
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

 

  1. Жалпы ережелер

         1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) сәйкес "Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –әкім аппараты) мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсететін әкім аппаратының орналасқан жері (мекенжайы, телефоны):Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Челгашин ауылдық округі, Челгаши ауылы, Ленинградская көшесі, 5 үй, Байланыс телефондары: 8-714-48-28-2-30

        2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны  6 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кенттің, ауылдың ауылдық округінің әкімі) - 0, мемлекеттік корпорация-0, "электрондық үкімет" веб-порталы -6.

 

          2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны-14 қызмет;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны -14 қызмет;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-14 мемлекеттік қызмет;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 14 мемлекеттік қызмет;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-14.

       

         3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

     Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
     Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

       1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

        Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"бөлімінде орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай Сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат әкім аппаратының фойесінде көпшілікке қолжетімді жерде орналасқан.

        2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

        3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

        Құқық бұзушылыққа әкеп соғатын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында әкім аппаратында 87144828230 "сенім телефоны" ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Келушілер үшін қолжетімді жерлерде "ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін"арнайы жәшік орнатылған. Әкім аппараты басшысының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

     Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында 2023 жылы 1 жарияланым орналастырылды (2023 жылғы 13 шілдеде №27 (4171) аудандық "Қарасу Өңірі" газетінде «Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы»)

      Сондай-ақ, Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.

   2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

      Тұрақты негізде қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі. 2024 жылғы 12 ақпандағы әкім аппаратының отырыстарында "Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша әкім аппаратының бас маманының есептік ақпараты тыңдалды. 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру мақсатында халықпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша кеңестер өткізілді.

       Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту тұрақты түрде қамтамасыз етіледі.

       3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

 

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзуы анықталған жоқ.

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

       -

     4) қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері мемлекеттік қызметтер: жүргізілген жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру:осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
16 февраля 2024