"Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
с. Октябрь 30 мамыр 2024 жыл
Қазақстан Республикасының 8 бап 5 тармағына сай 2015 жылдың 18 қарашасынаң бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ,Қазақстан Республикасы Төраға Агенттігі мемлекеттік қызметкерлер ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл 2016 жылдың 19 қазанынаң бастап №12, сыбайлас «Октябрь ауылдық акім аппараты»ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – талдау) объектісі "Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қаупі ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымға, Октябрь ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 14 мамыр № 32-Р өкіміне сәйкес жүргізілді.
Талдаудың мақсаты әкім аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны жою болып табылады.
Талдау міндеті әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізу қағидасының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер және ішкі құжаттар;
2) талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған талдау объектісінің қызметі туралы Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) жеке және заңды тұлғалардың талдау объектісіне қатысты өтініштері;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша ұсыныстар;
10) талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істер фабулалары;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрын жүргізілген сыртқы талдаудың нәтижелері;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;
13) талдау объектісінің қызметшілеріне, қызметкерлеріне сауалнама жүргізу нәтижелері;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылуына тыйым салынбаған өзге де мәліметтер
1.1. Негізгі функцияларды жүзеге асыру
Нормативтік база:
Сыбайлас жемқорлық қаупі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған
жоқ.
2.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Іс жүзінде мекеме бір мемлекеттік қызметті тікелей көрсетеді:
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)
2023- 2024 жылдың "Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де 10
мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлық қаупі: мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін
бұзу, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық
жүйелердің белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын тиісінше жұмыс істемеуі.
Негіздеме: elicense веб-порталы арқылы сауда-саттықты (конкурстарды,
аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінішін қабылдау кезінде
ақпараттық жүйенің тиісінше жұмыс істемеуі байқалады.
2.2. Кадр саясаты
Персоналды басқару. Кадрлардың қозғалысы
Мемлекеттік қызмет:
Штаттық саны-8. Нақты саны – 8. Бос орындар - 0.
Қызметке қабылданғандар: 2024 жыл-0.
Жұмыстан шығарылғандар: 2024 жыл – 0.
Теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандар-0.
Тағылымдама: 2024 жыл – 0.
Кадрлардың біліктілігін арттыру / оларды қайта даярлау (өтетін орны:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
Қостанай облысы бойынша филиалы): 2024 жыл - 1.
Тәртіптік тәжірибе
Тәртіптік тәжірбие мониторингін жүзеге асыру кезінде тексерілетін кезең
ішінде бас маманға ескерту түрінде 1 тәртіптік жаза қолданылғаны анықталды.
Мүдделер қақтығысы
Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығыcы фактілері
анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық қаупі: сыбайлас жемқорлық қаупі анықталған жоқ.
2.3. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы
Құжаттаманы есепке алу
Салалық НҚА: "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама
жасаудың, құжаттаманы басқарудың және электрондық құжат айналымы
жүйелерін пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысы (бұдан әрі -құжаттау
ережелері).
Сыбайлас жемқорлық қаупі: талдау арқылы сыбайлас жемқорлық
тәуекелдері анықталған жоқ.
2.4. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау
Азаматтарды жеке қабылдау қарапайым режимде жүзеге асырады. 2024 жылдың өткен кезеңінде әкім аппаратына жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 22 өтініштер түскен.
Сыбайлас жемқорлық қаупі: - өтініштермен жұмыс істеу кезінде
пайдаланылатын ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты
өтініштерді тіркеу және қарау, өтініштерді орындау мерзімдерін бұзу қаупі бар.
Негіздеме: e-өтініш веб-порталы арқылы өтініштермен жұмыс істеу кезінде
ақпараттық жүйенің тиісінше жұмыс істемеуі байқалады.
2.5. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлық қаупі: талдау арқылы сыбайлас жемқорлық қаупі анықталған жоқ.
2.6. Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру
Әкімнің аппараты бақылау және қадағалау функцияларын орындамайды.
2.7. Сот практикасын талдау
Ақпаратқа сәйкес, іс жүргізу практикасы (азаматтық-құқықтық сипаттағы)
келесі көрсеткіштермен көрсетілген:
2024 жыл: болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық қаупі: талдау арқылы сыбайлас жемқорлық іс-
қимылы анықталған жоқ.
2.8. Бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері туралы мәліметтер
2024 жылдың өткен кезеңіндегі талдау объектісіне қатысты Бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері және тексеру сипатындағы өзге де іс-шаралар нысандары: әкім аппаратының бағыттары бойынша заңнаманы бұзу фактілері жоқ.
2.9. Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері
Талдау барысында талдау объектісінің уәкілетті тұлғалары тарапынан, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және азаматтардан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат берілмеген.
2.10. БАҚ және өзге де ақпарат көздерінің мониторингі
Талдау объектісінің уәкілетті тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдарының, жарияланымдардың 2024 жылғы мониторингінің деректеріне сәйкес анықталған жоқ.
Әлеуметтік желілерді, блог-платформаларды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген хабарламалардың өзге де интернет-ресурстарын ақпараттық талдаумен де анықталған жоқ.
2.11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру
Октябрь ауылдық округі әкімінің аппаратында әкімнің өкімімен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функциялары құзыретіне кіретін жауапты маман
тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саясатының іс-шаралар жоспары бар.
2023 -2024 жылдың өткен кезеңінде аппарат қызметкерлерін сыбайлас
тарту фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық қаупі: талдау арқылы сыбайлас жемқорлық іс-қимылы
анықталған жоқ.
III. Қорытындылар
Сыбайлас жемқорлық қаупі ішкі талдау қорытындылары бойынша мынадай
теріс факторлар белгіленген (сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, жауапкершіліктің
бұлдырауы, ұйымдастырушылық олқылықтар):
- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын тиісінше жұмыс істемеуі.
- мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын жеткіліксіз өткізу.
Талдау анықтамасын құрастырды:
Жетекші маман Е. Щербакова
2024 жылғы " 30 " мамыр
Октябрь ауылдық округінің әкімі Н. Карашев
2024 жылғы " 30 " мамыр