Меню

Страницы

Статья

ӘКІМШІЛІК РӘСІМ

3-БӨЛІМ. ӘКІМШІЛІК РӘСІМ

      9-тарау. ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІ ҚОЗҒАУ

      62-бап. Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер

  1. Мыналар әкімшілік рәсімді козғау үшін негіздер болып табылады:

      1) жолданым;

      2) әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, әкімшілік рәсім жолданым қабылданған кезден бастап қозғалды деп есептеледі.
  2. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасының талабы немесе әкімшілік қалау осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіз болып табылады.

      63-бап. Жолданымға қойылатын жалпы талаптар

  1. Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
  2. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

      2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

      3) жолданымның мәні;

      4) жолданымның берілген күні;

      5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      64-бап. Жолданымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу

  1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады.

      Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Жолданым мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға берілген жағдайда арыз иесіне күні мен уақыты, жолданымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі.
  2. Жолданым келіп түскен күні тіркеледі.

      Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.

  1. Жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-бөліктің қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңінде осы Кодекстің 175-бабының 2-1-бөлігінде берілген редакция қолданыста болады.

  1. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференц-байланыс немесе бейнежолданым арқылы жолданым беру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
  2. Жолданым осы Кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
  3. Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады.
  4. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.
  5. Арыз иесі әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін жолданымды өзінің жазбаша арызы негізінде кері қайтарып ала алады.

      Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.

      65-бап. Жолданымды уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау

  1. Жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.
  2. Жолданымда қамтылған бір немесе бірнеше өтінішхатты, талаптарды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға одан әрі жолданады.
  3. Одан әрі жолданған жолданым немесе оның бөлігі бойынша уәкілетті әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімді қозғайды.

      66-бап. Әкімшілік рәсімдегі хабарлама (хабархат)

  1. Әкiмшiлiк рәсімге қатысушы тыңдау немесе әкiмшiлiк рәсiмдi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де іс-шаралар өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабардар етiледi.
  2. Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
  3. Егер әкімшілік рәсімге қатысушы көрсетілген мекенжайда іс жүзінде тұрмаса, хабарламалар (хабархаттар) заңды мекенжай бойынша немесе оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.

      Заңды тұлғаға арналған хабарламалар (хабархаттар) оның орналасқан жері бойынша жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімге қатысушы өзі көрсеткен тұрғылықты жері (орналасқан жері) жұмыс орны мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп есептелетіндігімен танысқандығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
  2. Әкiмшiлiк рәсімге қатысушы хабарламаны (хабархатты) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін немесе табыс ететін адам хабарламаға (хабархатқа) тиiстi белгі жасайды, ол әкiмшiлiк органға, лауазымды адамға қайтарылады.

      Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Дата публикации
22 ноября 2023
Дата обновления
22 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 октября 2026
2026 жылғы 4 тоқсандағы «Люблин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ
Ақпарат
18 августа 2026
Люблин ауылдық округі әкімінің Люблин ауылдық округі активімен кездесуі
Ақпарат
22 июля 2026
Информация об исполнении рекомендаций, внесенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы