|
Қосымша 2 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығына
|
Мемлекеттік мекеме қызметінің есебі
" Қойбағар ауылдық округі әкімінің аппараты" 2024 жылғы
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) сәйкес " Қойбағар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –әкім аппараты) мемлекеттік қызметтің 16 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсететін әкім аппаратының орналасқан жері (мекенжайы, телефоны):Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қойбағар ауылдық округі, Қойбағар ауылы, Кооперативная көшесі, 1 үй, Байланыс телефондары: 8-714-52-99-3-16
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 3 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кенттің, ауылдың ауылдық округінің әкімі) - 0, мемлекеттік корпорация-3, "электрондық үкімет" веб-порталы -0.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік қызметтер саны-6 қызмет;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны -6 қызмет;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-0 мемлекеттік қызмет;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0 мемлекеттік қызмет;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-0.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"бөлімінде орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай Сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат әкім аппаратының фойесінде көпшілікке қолжетімді жерде орналасқан.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):
Құқық бұзушылыққа әкеп соғатын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында әкім аппаратында 87145299316"сенім телефоны" ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Келушілер үшін қолжетімді жерлерде "ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін"арнайы жәшік орнатылған. Әкім аппараты басшысының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.
Сондай-ақ, Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Тұрақты негізде қызметкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ауыл әкімінің жиналыстарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізгі ережелері тұрақты түрде қамтылып отырады. Әкім аппаратының мәжілістерінде ай сайын «Қойбағар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы аудан әкімі аппаратының бас маманының есептері тыңдалады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамасын түсіндіру мақсатында 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру курстарынан тұрақты түрде қамтылып отырады..
3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзуы анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:
-
4) қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері мемлекеттік қызметтер: жүргізілген жоқ.