Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің есебі

 

Қосымша 2

2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығына

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

«Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) «Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-әкім аппараты) мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсететін әкім аппаратының орналасқан жері (мекенжайы, телефоны): Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 68 үй, байланыс телефондары: 8-714-52-21-3-64.

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 21 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кенттің, ауылдың ауылдық округінің әкімі) - 0, Е-license- 21.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны-5 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 5 қызмет;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-5 мемлекеттік қызмет;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 5 мемлекеттік қызмет;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-5.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)-12;

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-4;

- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-1.

- - Дәлелді бас тарту -4

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарында орналастырылған www.karasu.kostanay.gov "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде және Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының www.gov.kz/ сайтында орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай Сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат әкім аппаратының фойесінде көпшілікке қолжетімді жерде орналасқан.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

Аппаратта құқық бұзушылықтарға әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында "сенім телефоны" 21-3-64 ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.           

Сондай-ақ Аппараттың ресми сайтында тұрақты негізде www.karasu.kostanay.gov Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Тұрақты негізде қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодекс» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту тұрақты түрде қамтамасыз етіледі.

3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзуы анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

  1. Н. М. Биктимисов– "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы" ММ мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы, жауапты орындаушы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша аппаратқа қатысты бақылау іс-шарасы өткізілді, тексеру 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 03-16 тексеру тағайындау туралы акт негізінде жүргізілді/59. Бақылау іс-шарасы 2024 жылғы 13-23 мамыр аралығында 2023 жылғы 29 сәуір мен 2024 жылғы 29 сәуір аралығында өткізілді.
  2. Әкім аппаратында тексеру барысында мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған Мониторинг анықталды.
  3. Құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол бермеу. Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (екінші кезең) белгіленген: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық.

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:

1) құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол бермеуге;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер процесін автоматтандыру және мониторингтеу үшін Мониторинг АЖ белгіленсін.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын зерделеу мәселелері бойынша семинар – кеңес өткізуге міндетті.

4) әкім аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті. Оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді НҚА орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Интернет-ресурста.

5) алдын алу - профилактикалық жұмысты, оның ішінде мониторинг АЖ-да күнделікті мониторингті күшейту жолымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

4) қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері

мемлекеттік қызметтер: жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру: осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2025