Меню

Страницы

Статья

Аудандық «Қарасу өңірі» газетінің төлемақы мөлшері, баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес «Қарасу өңірі» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қарасу ауданыны Айдарлы ауылдық округінің әкіміне тіркелген кандидаттарға алаң беру шарттары, мөлшері және тәртібі туралы хабарлайды.

Баспа алаңы барлық тіркелген кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарының тең шарттарымен беріледі. Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемі және шарт жасасу көрсетіле отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет алаңының 1 ш.см. үшін 180 теңге есебінен баспа алаңын беру құнын төлеу жүргізілсін.

Барлық сайлау алдындағы баспа үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тапсырыс берген тұлға туралы ақпарат болуға тиіс.

Кандидаттар баспа материалдарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай - ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді-бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.

Басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда Редакция баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарының мәтіндері жарияланбайды

Газет редакциясы өтініштерді, мәтіндерді қабылдайды және демалыс күндерінен басқа жұмыс уақытында: Қарасу ауданыны ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көш., 68 үй, тел. 8(7142) 546971.

Дата публикации
01 февраля 2022
Дата обновления
01 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

БЖЗҚ
27 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
БЖЗҚ
27 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
БЖЗҚ
27 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы