«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес Айдарлы ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлаймыз:
- Степной ауылы
№493 сайлау учаскесі – Степной ауылы, Свердлов көшесі 3, Степной негізгі мектебінің ғимараты, т.28-6-73
- Герцен ауылы
№ 505 сайлау учаскесі - Герцен ауылы, Пушкин көшесі 2, Герцен негізгі мектебінің ғимараты, т.28-8-01
- Айдарлы ауылдық округі
№ 518 сайлау учаскесі - Айдарлы ауылы, Советская көшесі 16, Айдарлы орта мектебінің ғимараты, т.28-9-93
- Дружба ауылы
№ 519 сайлау учаскесі - Дружба ауылы, «NORDSTOCK» ЖШС кеңсесінің ғимараты, т.28-7-25
Дауыс беру 2022 жылғы 20 ақпанда сағат 7.00-ден бастап 20.00-ге дейін болады.
Естеріңізге сала кетейік, сайлауға барғанда өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Жеке басты куәландыратын құжаттар: жеке куәлік, уақытша жеке куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін әскери билет болып табылады.