Меню

Страницы

Статья

Тауарлардың электрондық саудасын кедендік реттеу туралы

Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2020 жылы тауарлардың сыртқы (трансшекаралық) электрондық саудасын кедендік реттеу бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне түзетулер әзірлеу бойынша жұмыс басталғанын хабарлайды. Электрондық сауда тауарлары деп жеке тұлғалардың "Интернет" желісі арқылы шетелдік интернет-алаңдарда сатып алатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен не экспресс-тасымалдаушылармен жеткізілетін тауарлары түсініледі. (Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 9 қазандағы № 16 тапсырмасы).

Сыртқы электрондық сауданы кедендік реттеу мұндай тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлардың жалпы массасынан бөлуді және: электрондық сауда операторының институтын енгізу, электрондық сауда декларациясын енгізу, Жеке тұлғаларға кедендік ("бондтық") қоймаларды пайдалана отырып сыртқы электрондық сауда тауарларын өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сыртқы электрондық сауданың жекелеген тауарларына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау бөлігінде хабарлама тәртібін енгізу сияқты ерекшеліктерді белгілеуді білдіреді.

Электрондық сауда операторы электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды жүзеге асырады және сатып алушы үшін кедендік төлемдерді төлейді деп болжанады, бұл бірінші кезекте жеке тұлғадан кеден органдарына жүгіну қажеттілігін алып тастайды, кедендік тазарту операцияларын жүргізуді айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, егер жеке тұлға кедендік тазартуды өзі жүргізгісі келсе, сатып алынатын тауарларды дербес кедендік декларациялау мүмкіндігі қалады.

Сондай-ақ түзетулермен жеке тұлғалардың тауарларды кеден қоймасы арқылы сатып алуы көзделеді, бұл тауарларды жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа жоғарыда аталған өзгерістерді енгізу және осы өзгерістерге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерін қабылдау 2022-2023 жылдары жоспарланып отыр.

Дата публикации
22 декабря 2021
Дата обновления
22 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

БЖЗҚ
27 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
БЖЗҚ
27 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
БЖЗҚ
27 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы