Меню

Страницы

Статья

Қарасу ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру

Қарасу аудандық мәслихаты:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2,3- тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №58 өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі–Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.

Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Пошталық мекенжай: «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі, №68-үй, жұмыс телефондары: 8 (71452) 21-0-71, 21-7-88.

Электрондық поштаның мекенжайы: maslihatkarasu@mail.ru 

Жұмыс тәртібі: «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін,  сенбі, жексенбі демалыс күндер.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2021 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 15 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

Үлгілік ереженің 7-тармағында мыналар белгіленген:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жолдайды:

1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына *сәйкес форма бойынша Жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы; ;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Қарасу аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:

  • 2021 жылғы 23 желтоқсанда бірінші отырыс
  • 2022 жылғы 24 қаңтарда екінші отырыс

Отырыс Қарасу ауылы, Исаков көшесі, №68-үй өткізіледі, жұмыс телефондары 21-0-71, 21-7-88.

Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.


Өтініш үлгісі

Дата публикации
10 декабря 2021
Дата обновления
10 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

БЖЗҚ
27 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
БЖЗҚ
27 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
БЖЗҚ
27 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы