Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап әлеуетті өнім берушілер ұсынған қосымша салық есептілігі және олардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеу бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жаңарту мүмкіндігі алынып тасталғанын хабарлайды(Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 447-3-тармағы).
Қағидалардың осы тармағы 2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап заңды күшіне енген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 25 тамыздағы № 863 бұйрығымен Алып тасталды.
Осылайша, бүгінгі күні осы Қағидалардың 447-2-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушінің алдыңғы жылғы қаржылық тұрақтылығы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері күнтізбелік жыл ішінде бір рет 1 қазаннан кешіктірілмей веб-порталда жаңартылады.
Қарасу бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы