Меню

Страницы

Статья

ЭШФ жазып беруден кім босатылады?

Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитімен Пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған.

Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген. 

ЭШФ жазып беру міндетінен: 

1) құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен (2,9 млн теңге) асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойыншакәсіпкерлік субъектілері;

2) сатып алынған тауарды түпкілікті тұтынумақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізукезінде кәсіпкерлік субъектілері;

3) жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өткізукезінде ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері шот-фактура жазыпберуден босатылады.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет.

Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.

 

Басшы                                                                                     М.Бейсенов

Дата публикации
24 августа 2021
Дата обновления
24 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

БЖЗҚ
27 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
БЖЗҚ
27 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
БЖЗҚ
27 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы