Меню

Страницы

Статья

Төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі мен мерзімдері туралы

Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығымен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде регламенттелгенін хабарлайды.

Қағидалардың 27-тармағына сәйкес есептелген (ұсталған) аударымдар және (немесе) жарналар аударылады:

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;

2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – патент құнын төлеу үшін Салық кодексінің 685-бабында көзделген мерзімде патент алуға құқылы.

Осылайша, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қызметкерлер үшін есептелген (ұсталған) аударымдар және (немесе) жарналар табыс төленген айдан кейінгі айдың 25 – інен кешіктірілмей аударылады, яғни егер маусым айындағы кірістер шілде айында төленген болса, МӘМС жарналары мен аударымдары 25 тамызға дейін, егер маусым айындағы кірістер маусым айының соңында төленген болса, онда 25 шілдеге дейін өз пайдасына жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар маусым айында алынған кірістер үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын 25 шілдеге дейін

 

Қарасу ауданы бойынша МКБ басшысы                                                                                  М. Бейсенов

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
Хабарландыру
Хабарлама
23 октября 2026
Хабарландыру
21 октября 2026
Видеороликтер

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы