Меню

Страницы

Статья

Елімізде жалпыға бірдей декларациялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі

Ұлт Жоспарының 42-ші қадамы - 100 нақты қадам шеңберінде Қазақстан Республикасы жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылауға мүмкіндік беретін кірістер мен шығыстардың жалпы салық декларациясын ұсынады.

Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Алдымен мемлекеттік қызметшілерден бастап, кейін барлық азаматтар қамтылады. Сонымен, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсыра бастады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырады.

Содан кейін, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларация енгізіледі.

Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - азаматтардың қалған санаттары кірістерін жариялайтын болады.

Мұндай бақылау жүйесі көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған, сонымен қатар бюджетке қосымша кірістердің түсуіне ықпал етеді. Сонымен бірге, салық салынатын базаны азайту мақсатында жеке тұлғалар әлеуметтік салық шегерімдерін қолдана алады. Бұл азаматтарға тиісті шығыстар болған жағдайда табыс салығының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.

 

Қарасу АБ МКБ басшысы                                                                                                М.Бейсенов

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
Хабарландыру
Хабарлама
23 октября 2026
Хабарландыру
21 октября 2026
Видеороликтер

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы