Меню

Страницы

Статья

Бірыңғай жиынтық төлем

Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) Қазақстанда бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді оңайлату мақсатында 01.01.2019 жылдан бастап енгізілді.

БЖТ төлеуші - жеке тұлғалар:

 - жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды;

- жеке тұлғалар үшін  жұмыстарды, қызметтерді көрсетеді (орындайды);

- жеке қосалқы шаруашылықтарда жеке тұлғалардың тұтыну үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді.

Мысалы, БЖТ қолдану үшін қызмет түрлері:

- біржолғы жалдамалы еңбек (тұрмыстық техниканы, сантехниканы және т. б. жөндеу);

- жеке практика (репетиторлар, бала күтушілер, күтушілер, сұлулық саласындағы қызметтер және т.б.);

- бағдарламалар орнату (антивирус, ОЖ  және т.б. орнату).

БЖТ төлеушінің шекті табысы

- күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

БЖТ төлеушілер бола алмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде меншік, жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілердің аумағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беретін тұлғалар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) қандастарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;

5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

БЖТ бөлу:

- жеке табыс салығы (10%);

- әлеуметтік аударымдар (МӘСҚ-ға 20%);

- зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ - ға 30% );

- МӘМС аударымдары (ӘМСҚ-ға 40%).

БЖТ сомасы:

қалалар үшін: 1 АЕК- 2 917 теңге.

ауылдыр үшін: 0,5 АЕК–1 459 теңге.

БЖТ қалай төлеуге болады:

- «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясының шотына аудару;

- екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеу;

- «Қазпошта» АҚ арқылы төлеу;

-  E-SalyqAzamat мобильді қосымша арқылы төлеу.

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

БЖЗҚ
27 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
БЖЗҚ
27 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
БЖЗҚ
27 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы