11 наурызда Миграциялық орталық өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ өңірлік филиалынан хабарлады.
Филиалда түсіндірілгендей, бұрын Миграциялық орталықта мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту екі қызмет түрін көрсетті.
2020 жылы Қазақстанда осы қызметтерді ХҚО-ға беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жобаға Қостанай облысы да қатысты. Енді практика бүкіл республика аумағында енгізілді.
"Қазіргі уақытта еңбек мигранттарына ХҚО арқылы рұқсат беру және ұзарту бойынша қызметі бойынша барлық облыстарда, қалаларда және аудан орталықтарына жүгіне ала алады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйелері ІІМ Көші - қон қызметі жүйелерімен біріктіріліп, "бір терезе" аясында бастапқы және дайын құжаттарды беру тәртібі жеңілдетілді", - деп хабарлады мемлекеттік корпорацияның Қостанай бойынша филиалы.