Меню

Страницы

Статья

Мектеп туралы анықтама немесе кез-келген басқа оқу орнының дипломы сияқты білім беру құжаттарын қалай қалпына келтіруге болады

Еgov.kz арқылы:
1. Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
2. Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;
3. Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
4. Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
5. Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.


Есіңізде болсын!
Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.

Қызмет көрсету уақыты – 15 жұмыс күні.

ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін.
Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;
ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз;
Қажетті құжаттар тізімі:
Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары.

Есіңізде болсын!
ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз.
Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады.

Қызмет көрсету құны – тегін.
Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.

Дата публикации
17 февраля 2021
Дата обновления
17 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
Хабарландыру
Хабарлама
23 октября 2026
Хабарландыру
21 октября 2026
Видеороликтер

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы