Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы төрт кезең туралы хабарлайды:
Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларация ұсынылады:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары).
Екінші кезеңде-2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде-2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.
Төртінші кезеңде-2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттарын декларациялау.
Қарасу ауданы бойынша МКБ