1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына өтініш жасау арқылы беріледі.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жолданады. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шағым берілген күн және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;
4) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
5) қосымша ақпарат алу үшін.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.