2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 379 бұйрығына сәйкес, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ, тауарларды ҚР аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде «электрондық шот – фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТIЖ) ресімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.
Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады.
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде тасымалдаушыға Мемлекеттік кірістер органының қызметкеріне тауарды алушының ТІЖ тіркеу нөмірін немесе БСН/ЖСН атау жеткілікті болғандықтан, ТІЖ-ді енгізумен өткізу пункттерінен өту процесі жеңілдетіледі.
ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:
ТІЖ ресімдеу ережесі және олардың құжат айналымы, ТIЖ-ның техникалық сипаттамасы: http://kgd.gov.kz/ru/content/soprovoditelnaya-nakladnaya-na-tovary-1;
ТІЖ-мен жұмыс бойынша пайдаланушының нұсқаулығы: http://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1.
ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стенде https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/ қол жетімді.