Салық кодексінің 121 бабы 3 тармағы бойынша Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банктік шоттардағы ақша есебінен;
2) дебиторлар шоттарынан;
3) билік етуі шектелген мүлікті өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.
Салық кодексінің 122-бабы 1-тармағы бойынша салық органы салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарынан салықтық берешегінің сомаларын тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
- тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған – салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;
- тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алынады.
Салық кодексінің 123-бабы 1-тармағы бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушiде (салық агентінде) банктік шоттар болмаған жағдайда, сондай-ақ Кодекстің 122-бабында айқындалған тәртіппен жүргізілген банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алғаннан кейін салықтық берешегі өтелмеген жағдайда, салық орган пайда болған салықтық берешегі шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлар) банктік шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей осы хабарламаны жіберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тізімін ұсынуға міндетті.
Осы тармақтын бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде дебиторлар тізімі ұсынылмаған жағдайларда салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырусыларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) тексеріс жүргізуге құқылы. Бұл ретте салық органы сотта дауланатын дебиторлық берешек сомаларын растауға құқылы емес. Салық төлеуші (салық агенті) ұсынған дебиторлар тізімі және (немесе) салық органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған дебиторлар туралы мәліметтер және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын салық төлеушіні (салық агентіні) тексеру актiсi негiзiнде салық органы дебиторларға салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін өтеу есебіне олардың банктік шоттарынан дебиторлық берешек сомасы шегінде ақша өндіріп алу туралы хабарлама жібереді.
Дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарламаны жiберген салық органына хабарламаны алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiн қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуға мiндеттi.
Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банктік шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
Дебитор мен салық төлеушi (салық агенті) арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiнің немесе дебиторлық берешектін сомасын растайтын дебитордың тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банктік шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
Дебитор мен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінде көрсетілген дебиторлық берешегі өтелген жағдайда, дебитордың банктік шоттарына қойылған салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер, дебитор немесе салық төлеуші (салық агенті) өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін, осындай берешектің өтелгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, салық органға ұсынған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кері қайтарып алынуға жатады.
Салық төлеушiнің - дебитордың екінші деңгейдегі банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы, осы Кодекстiң 122-бабында белгiленген талаптарға сәйкес, салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасын өндiрiп алу туралы салық органы қойған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.
Салық кодексінің 124-бабы бойынша - салық органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкінен өндіріп алу туралы қаулы шығарады.