Сарыкөл ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты қайта өткізеді ол 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10-00-де Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мекенжайы бойынша өтеді, Сарыкөл кенті Тәуелсіздік көшесі 72 (Сарыкөл ауданы әкімдігінің ғимараты) Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 4 мамырдан бастап 2026 жылғы 19 мамырға дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (қабылдау уақыты сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ мекенжайы бойынша жүзеге асырылады Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті, Свобода көшесі 1 Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не почта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкімет" вебпорталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі "Электрондық үкімет" вебпорталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі