Қоғамдастық Қарасу ауданы Новопавловка ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы

2026 жылғы 5 сәуірде Қарасу ауданы Новопавловка ауылының әкімі сайланды.

         Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Қарасу ауданының Новопавловка ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 373 сайлаушы енгізілді, олардың 216-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 14.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Айтбаев Б.М. – 36; Қасенов С. А. – 135; Несіпбаев Б. С. – 28.

1966 жылы туған, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауданының білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ Әкімшілік-шаруашылық бөлімі директорының орынбасары Қасенов Сәден Асқарұлы Новопавловка ауылының әкімі болып сайланды, Қостанай қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 

 

 

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
06 апреля 2026