Қарасу аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 "әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

"Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы "мәслихаттың 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарасу аудандық мәслихатының шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірледі.

Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді;

"әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысының 2-тарауының 8-тармағымен;

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О. А. Бектеновтің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 16-14/Б-65 тапсырмасын, жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмекті біріздендіру мәселелері жөніндегі кеңестің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 11 хаттамасын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 89-тармағын орындау үшін-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. М. Ермаевтың төрағалығымен КС

Шешім жобасын қабылдау адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Қарасу ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған 30 наурыз 2026

 

Дата публикации
06 апреля 2026