1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Бөлімнің орналасқан жері (мекенжайы, телефоны): Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 68-үй, байланыс телефондары: 21-9-28, 79-0-38.
2025 жыл ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 148.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік қызметтер саны – 2;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер – 2;
тегін негізде көрсетілетін қызметтер – 2;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер – 2;
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер саны – 2.
3) Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядтағы спортшы, 3-разрядтағы спортшы, 1 жасөспірімдер разрядтағы спортшы, 2 жасөспірімдер разрядтағы спортшы, 3 жасөспірімдер разрядтағы спортшы, сондай-ақ біліктілік санаттарын беру: жоғары деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейлі екінші санатты әдіскер, орта деңгейлі екінші санатты әдіскер, жоғары деңгейлі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын спорт төрешісі.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары:
Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген сайын, сайттағы ақпарат жаңартылып отырады. Сонымен қатар, ақпарат Бөлімнің кіреберісінде де орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: Жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар):
Құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін фактілерді анықтау мақсатында Бөлімде «сенім телефоны» (21-9-28) жұмыс істейді. Азаматтар осы телефон арқылы өз хабарламаларын қалдыра алады. Келушілерге қолжетімді жерде «Ескертулер, ұсыныстар және пікірлер үшін» арнайы жәшік орнатылған.
Бөлім басшысы мен оның орынбасарының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.
2025 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы 1 жарияланым орналастырылды.
Сонымен қатар, Бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тұрақты түрде ақпараттық материалдар жарияланып отырады.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері: Жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Қызметкерлермен тұрақты түрде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелері Құқықтық білім мектебі сабақтарында үнемі түсіндіріліп отырады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша):
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:
Мемлекеттік қызметтер тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Есепті кезеңде қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібінің бұзылуы анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:
Жүргізілген жоқ.
4) Қоғамдық мониторинг нәтижелері:
Жүргізілген жоқ.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Қарасу ауданы әкімдігінің
дене шынықтыру және
спорт бөлімі» ММ басшысы М. Саутпаев