Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасына

«Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «Қарасу ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»  Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірленді.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту.

Қаулы жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына  сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
01 апреля 2026