Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

    1. Жалпы ережелер

    1) Қызмет беруші туралы мәліметтер:

    Мемлекеттік қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына) сәйкес «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) 16 мемлекеттік қызметтер  түрін көрсетеді.

    Бөлімнің орналасқан жері (мекенжайы,телефоны): Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 68 үй, Байланыс телефондары: 2-10-59, 2-18-11.

    2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 368, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 56, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 264, кент, ауыл әкімдері - 48.

    2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

    мемлекеттік қызметтер саны-16 қызмет;

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-15 қызмет;

    тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-16 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

    қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 16 мемлекеттік қызмет;

    мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-12.

    3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

    • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау - 66;
    • Мүгедектерді техникалық-қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 43;
    • Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуорталықтарындаарнаулыәлеуметтікқызметкөрсетугеқұжаттардыресімдеу –72;
    • Еңбекшікөшіп келушіге рұқсатберу,ұзартужәнекері қайтарып алу -

     

     

    1. Қызметті алушылармен жұмыс:

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

    Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай бұл бөлім сайтта жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат Бөлімнің фойесінде орналастырылған.

    2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

    3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар):

    Бөлімде құқық бұзушылықтарға әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында «сенім телефоны» 2-10-59 ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Келушілер үшін қол жетімді жерде «Ескертулер, ұсыныстар мен жауаптар үшін» арнайы қорап орнатылған. Бөлім басшысының, сондай-ақ оның орынбасарының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

    Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін 2025 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында             1 жарияланым орналастырылды.

    Сондай-ақ, бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері-жоқ.

    2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

    Қызметкерлермен тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізгі ережелері үнемі жарияланады.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

     

     

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

    2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде бөлімнің Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны анықталмаған.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

    өткізілген жоқ.

    4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері: өткізілген жоқ.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділік пен қызмет алушылардың қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылықты арттыру перспективалары: осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылануда.
Дата публикации
01 апреля 2026