Қарасу аудандық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы"2024 жылғы 19 сәуірдегі № 128 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

"Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарасу аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 128 "тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірледі.

Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады .

Шешім жобасы әзірленді жоба "тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 шілдедегі № 279 бұйрығына сәйкес әзірленді

Шешім жобасын қабылдау оған басқа нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіруді талап етпейді .

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Қарасу ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған.

Дата публикации
30 марта 2026