Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қарасу ауданының Новопавлов ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтерді хабарлайды:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Новопавлов ауылының әкіміне мына кандидаттарды тіркеді:
Айтбаев Бахтияр Маратұлы – 1989 жылы туған, Қарасу ауданы Восток ауылында тұратын жұмыссыз, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Қасенов Сәден Асқарұлы – 1966 жылы туған, Қостанай қаласында тұратын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ әкімшілік-шаруашылық бөлімі директорының орынбасары, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Несіпбаев Бауыржан Сағитұлы – 1997 жылы туған, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Қарасу ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Едігенов