1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекетті кинспекция комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұданәрі – ҚарасуААИ) Қарасу аулы, А.Исаков көшесі 66 мекен жайында орналасқан.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2.1 Аумақтық бөлімшелер 01.01.2025 жылдан бастап 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
- «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»,
- «Ғылыми - зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу»,
- «Карантиндік Арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерінің өміршеңдігінен айыруды және (немесе) ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруды және таңбалауды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру».
2.2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мүмкіндігі «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» бір мемлекеттік қызметінде бар. Алайда, есепті жылы Мемлекеттік корпорацияға фитосанитариялық сертификат алуға өтініш түскен жоқ.
2.3 Барлық 3 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2.4 Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз нысанда 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі («Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру», «Карантиндік Арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерінің өміршеңдігінен айыруды және (немесе) ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруды және таңбалауды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру») электрондық (толықа автоматтандырылған) нысанда-1 «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу», мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
2.5 Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау жөніндегі қағидалармен бекітілген (8, 12, 16, 19-қосымшалар).
2025 жылы барлығы 4473 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылмен саластырғанда (8268) мемлекеттік қызметтердің 3795 немесе 45,9% - ға аз.(01.01.2025 жылдан бастап карантиндік сертификат беру жойылды) оның ішінде 4473 Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуі жолымен көрсетілген www.egov.kz.
Есепті кезеңде фитосанитариялық сертификат беру бойынша 4473 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылмен (4171) салыстырғанда 302 - ке (7,24%) артық.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушылардың "ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" және "карантиндік арамшөпті өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінен өміршеңдігінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру және (немесе) ағаш қаптамасын зарарсыздандыру және таңбалау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алуға өтініштері "есепті жылы материал түскен жоқ.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2025 жылы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»- (100%).
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы №222 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөгде түрлерден қорғау жөніндегі ережеге өзгерістер енгізілді:
«Қарантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау кезінде қорғау (өсімдіктердің ішкі карантині)» 2-тарауының 5-параграфы алынып тасталды (бұрын мемлекетішілік тасымалдау осы параграфпен регламенттелген) (01.01.2025 ж. Бастап қолданысқа енгізіледі).
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер еңгізілді, олар 2025 жылғы 1 қантардан бастап күшіне еңді (ҚР 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII Заңы):
- «ҚР аумағы бойынша карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік қызметі жойылда. Жеке және заңды тұлғаларға өңірлер (облысаралық тасымалдар) арасында карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау үшін сертификат ресімдеудің қажеті жоқ. Бұл қызметті электрондық порталдар арқылы ресімдеу қызметтер тізімінен алынып тасталды. Ол бұрын ел ішінде бақылау үшін міндетті құжат ретінде ресімделген, бірак қазір ол міндетті рәсімдер мен қізмет көрсету стандарттарынан алынып тасталды.
- Бақылау және рұқсаттар бөлігінде карантин инспекторларының құқықтары нақтыланды (мысалы, өнімді қажетті құжаттарсыз ұстау, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда әкелуге/әкетуге тыйым салу құқығы).
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілген жоқ.
Біліктілікті арттыру жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтықжетілдіру.
ҚР АШМ уәкілетті органы жүргізеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2025 жылы біздің облыстық басшылық бақылау іс-шарасы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мониторинг түрінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді.
Жүргізілген бақылау іс-шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ, қолданыстағы заңнамада көзделмеген артық құжаттардың болу фактілері анықталған жоқ.
Автоматтандыруды оңтайландыру тұрғысынан мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, бизнес-процестерді регламенттейтін құқықтық актілер талдауға алынды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасындағы заңнама талаптарын, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтербойынша өтініштерін сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі құжаттар, оның ішінде: фитосанитариялық сертификаттар беру, ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуді келісу, карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерінің өміршеңдігінен айыруды және (немесе) ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруды және таңбалауды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өндеу өнімдерін қайта өңдеуді жузеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру.
Ішкі мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдерінен асып кету белгіленбеген:
2025 жылы жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығы, халық арасында құқықтық жалпыға бірдей оқыту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты орналастыру қажеттілігі бойынша ұсынымдар берілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ҚР заңнамасын қатаң басшылыққа алу қажет.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдеру, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында, «электрондық үкіметтің» веб-порталында, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірленіп, жоғары тұрған органға жіберілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілмеген.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізілді.
Онлайн мониторинг нәтижелеріне сәйкес («электрондық үкімет» порталынан түсіру деректері бойынша) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» қызметіне қанағаттану деңгейі 5 орташа баллмен 100% - құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың негізгі тілектері порталда көрсетілетін қызмет туралы ақпаратты іздеудің ыңғайлылығын арттыру, порталда көрсетілетін қызметті алу тәсілі бойынша ақпараттың түсінігін арттыру қажеттілігі болды.
Қоғамдық мониторинг есебінің нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар:
Фитосанитариялық сертификат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «адам факторы» барынша төмендетілді: қызмет көрсету нысаны электрондық, толық автоматтандырылған, бұл ретте мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтық қағидатын сақтау мақсатында карантинге жатқызылған өнімді тексеру көрсетілетін қызметті алушының (өкілдің) қатысумен жүзеге асырылады.
2025 жылы фитосанитариялық сертификат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында халықты мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарлануда.