2026 жылғы 5 сәуірге тағайындалған Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Сайлауды тағайындау (бұдан әрі – әкім).

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 25 ақпан       

                                                                 (113-1-б. 1-т., 1-т.)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып жариялау

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы  7 наурыздан кешіктірмей

(22-б. 1-т.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы  7 наурыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 12 наурыздан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде

- 2026 жылғы 12 наурыздан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

 

 

6. Әкімдерге кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

2026 жылдың 26 ақпанда басталып, 2026 жылдың                10 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(1-т. 113-3-б.)

 

7. Әкімге кандидаттың оларға қойылатын талаптарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабымен және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен сәйкестігін белгілеу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

(113-2-б.)

 

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген тұлғаларын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап

(8-1 т.) (14-б., 31-б.)

 

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкімдікке ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

                                   Аумақтық сайлау комиссиясы

                                   Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан

                                   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару

                                   және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы

                                   Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет

                                   саласындағы заңнамада көзделген талаптарға

                                   сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

 

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып

Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Кандидаттардың құжаттарын ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексерістен өткізу үшін жіберу

                                    Аумақтық сайлау комиссиясы

                                    Барлық құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап

                                                                            (113-5-б. 4-т.)

 

12. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

 

Әкімдерге, саяси партияларға кандидаттар (ұсынылған әрбір кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 

(113-5-б. 2-т.)

 

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2026 жылғы 1 ақпанға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2026 жылдың 26 ақпанда басталып, 2026 жылдың                        15 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

                                                                        (п.14 ст. 113-5)

 

16. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей

 (9-т. 113-5-б.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылдың 15 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың                           4 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

19. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін Үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

20. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2026 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей

(24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2026 жылғы 21 наурызында

(26-б. 1-т.)

 

22. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 наурызға дейін

(5 т.) (18-б., 38-б. 2-т.)

 

23. Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей

2026 жылғы 2 сәуірден ерте емес және 3 сәуірден кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

 

24. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2026 жылғы  5 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

26. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(8 т.) (18-б.,1-т., 43-б., 1-т.)

 

27. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

29. Әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы  8 сәуірден кешіктірмей

 

(113-10-б. 1-т.)

 

30. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2026 жылғы 11 сәуірден кешіктірмей

(44-б., 1-т., 17-т.)

 

31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерді өзінен-өзі қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2026 жылғы 11 сәуірден кешіктірмей

 

(45-б., 46-б. 3-т. 2-т., 3-т., 113-11-б. 1-т.)

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
25 февраля 2026