Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтарының құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңда жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жаңа функциялар мен міндеттер енгізілді:
2 тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ СУБЪЕКТІЛЕРІ
5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Осы Заңда көрсетілген мемлекеттік органдар құзыреті шегінде:
1) құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, анықтайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
3) құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі шараларды қолданады;
4) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөнінде шаралар қабылдайды;
6) құқық бұзушылықтардың Виктимологиялық профилактикасы бойынша шараларды қолданады;
7) салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады;
8) құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
9) құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс жүргізеді;
10) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
2. Осы Заңда көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапты болады.
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы құқықтары.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) құқық бұзушылықтардың профилактикасына өз еркімен қатысуға;
2) құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, басқа азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге;
3) құқық бұзушылықтың профилактикасы субъектілеріне профилактикалық іс-шараларда жәрдем көрсетуге;
4) құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға міндетті;
5) құқық бұзушылықты тіркеу үшін техникалық құралдарды қолдануға;
6) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуға;
7) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласында түсіндіру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға міндетті;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті:
2. Қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
1) құқық бұзушылықтардың жалпы профилактикасы жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және оны іске асыруға жауапты болады;
2) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) құқық бұзушылықтардың профилактикасы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
6) құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтардың есебін жүргізеді, оларды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды;
7) құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиялар құрады;
8) ресми ескерту жасайды;
9) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастырады;
10) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастырады;
11) қызметі құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдық-әдістемелік көмек көрсетеді;
12) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
13) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
14) зорлық-зомбылық құрбан болған балаларға көмек кабинеттерін құрады;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Отбасын қолдау орталықтарының құзыреті
1. Отбасын қолдау орталықтары аудандар мен қалаларда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жергілікті атқарушы органдардың жанынан халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша құрылады және (немесе) ұйымдастырылады.
2. Отбасын қолдау орталықтары:
1) Мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсету;
5) Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын;
6) Жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) Мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
8) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсету жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарды кәмелетке толмағандар мен зорлық-зомбылықтан көмек сұраған адамдар арасында анықталған зорлық-зомбылық және қылмыс фактілері туралы хабардар ету;
10) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді есепке алу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де шаралар.
11-бап. Мобильді топтардың құзыреті
Мобильді топтар:
1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) Құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарды кәмелетке толмағандар мен зорлық-зомбылықтан көмек сұраған адамдар арасында анықталған зорлық-зомбылық және құқық бұзушылық фактілері туралы хабардар етеді;
3) құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және құқық бұзушылықтардың профилактикасының өзге де субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
28-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдардың құзыреті
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдар:
1) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
3) құзыреті шегінде азаматтарды құқықтық тәрбиелеуге қатысады;
4) үйсіз адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі ұйымдар желісін дамытуды үйлестіреді;
5) кәмелетке толмағандардың Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау фактілері туралы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс кәсіптік қызметіне байланысты оларға белгілі болған фактілер туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына, сондай-ақ психологиялық, медициналық және заң көмегіне сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және ұсыныстарды білім беру және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жібереді;
7) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) анықтау және қолдаумен қамту мәселелері бойынша, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы отбасын қолдау орталықтарының, мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады;
9) адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік қызметтерге әлеуетті мұқтаж (мұқтаж) деп танылуы (танылуы) мүмкін негіздердің анықталуын қамтамасыз етеді;
10) адамдарды (отбасыларды) өмірлік қиын жағдайдан алып жүруді және шығаруды қамтамасыз етеді;
11) жәбірленушілерді арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері, оларды алу тәсілдері, осы елді мекенде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың болуы туралы хабардар етеді;
12) құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2 бөлім. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
4-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ШАРАЛАР
45-бап. Азаматтарды құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту