Қарасу ауданы азаматтарының өтініштері: 2025 жылғы талдау қорытындысы

"Е. Otinish" азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасының деректеріне сәйкес Қарасу ауданының жергілікті атқарушы органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында 2025 жылдың 12 айында 711 өтініш тіркелді, оның ішінде өтініш – 159, ЖТ/ЗТ қабылдауға өтініш – 49, үн қосу-2, ұсыныс-149, хабарлама -64, заңды тұлғаның өтініші консультант - 3, сот орындаушыларының сауалдары – 105, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдары – 18, ақпарат беру туралы сауалдар – 53, адвокаттардың сауалдары – 18, нотариустың сауалдары – 2, сауал – 84, шағым – 5.

         Өтініш берушілер үшін өзекті салалар (келіп түскен өтініштерді талдау негізінде):

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (жылу, су, жарықтандыру, тұрғын үй кезегіне қою)
Әлеуметтік қорғау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, материалдық көмек, жеңілдіктер (аудан аумағында ТЖ.), азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер)
Ауыл шаруашылығы (мал шаруашылығын дамыту мәселелері, ауыл шаруашылығындағы субсидиялау мәселелері)
Жер және жерді пайдалану мәселелері (жермен қамтамасыз ету, жер қатынастары саласындағы заңнаманы сақтау).

Дата публикации
22 января 2026