ПРЕСС-РЕЛИЗ Қарасу ауданы әкімдігінің «Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» қаулысының жобасынан

«Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірледі.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі белгілеу.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
13 января 2026