ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының жобасына

 

 

«Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірледі.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза табысының бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының сомасынан 50 пайыз мөлшерінде белгілеу.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің                 56-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
19 декабря 2025