2025 жылғы 14 желтоқсанда Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 688 сайлаушы енгізілді, олардың 461 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 22.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтбаев Б.М. – 51; Кәкенов Т.Б. – 92; Қазиев А.А. – 284.
Айдарлы ауылдық округінің әкімі болып Қазиев Асхат Архатұлы сайланды, 1983 жылы туған, жұмыссыз, Қарасу ауданының Қарасу ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы