Баспасөз хабарламасы Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12 «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасына

«Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12  «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»  Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан                      әрі - қаулы жобасы) әзірленді.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты ««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру.

Қаулы жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына  сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
05 декабря 2025