«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары Айдарлы ауылдық округінің сайлаушыларын 2025 жылғы 14 желтоқсанда сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінің үй-жайларында мына мекенжайлар бойынша өтетін Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беруге қатысуға шақырады:
№ 493 сайлау учаскесі - Степной а., Свердлов көшесі, 3, мектеп ғимараты, тел. 8-714-48-28-6-73.
№ 505 сайлау учаскесі - Герцен а., Пушкин көшесі, 2А, мектеп ғимараты, тел. 8-714-48-28-8-01.
№ 518 сайлау учаскесі - Айдарлы а., Советская көшесі, 16, мектеп ғимараты, тел. 8-714-48-28-9-93.
№ 519 сайлау учаскесі - Дружба а., Пристанционная көшесі, 1, кеңсе ғимараты, тел. 8-714-48-28-7-25.
Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз. Жеке басын куәландыратын құжат ол - жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады.